«Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған әзірленген картасына сәйкес өнеркәсіптің әртүрлі салаларында инвестиция көлемі 8,3 млрд теңгені құрайтын 469 индустриялық жобаны іске асыру жоспарлануда», - делінген ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында. .
Индустрия және сауда министрлігінің мәліметінше, жобалардың ең көп саны агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларына тиесілі – 138 жоба, ал жобалық қаржыландыру көлемі 140 млн теңге.
Сондай-ақ, құрылыс саласына – 95 жоба, тау-кен металлургия өнеркәсібіне – 61, машина жасау саласына – 46, химия өнеркәсібіне – 25, энергетика және мұнай өңдеу өнеркәсібіне – 24 жоба, т.б.
Есепте инвестицияның ең көп көлемі мұнай өңдеу өнеркәсібіне – 1,9 млрд теңге, сондай-ақ тау-кен металлургия өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,5 млрд теңге қарастырылғаны атап өтілді.
«Барлық 469 нысанның құрылысы кезінде 167 035 жұмыс орны, тікелей пайдалану кезеңінде 140 983 жұмыс орны ашылады», - делінген хабарламада.
Қазақстанда 8,3 млрд теңгенің өнеркәсіптік жобалары жүзеге асырылады