«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі - Қоғам), заңды мекенжайы: 050000, Алматы қ-сы, Мақатаев көш.,127, БСН 940240000110, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы ЖСК KZ 846 017 131 000 017 193, 050013, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 34, БСК HSBKKZKX, Кбе-16, Қоғамның 2021 жылға арналған артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу басталғаны туралы хабарлайды.
Бір артықшылықты акцияға арналған дивидендтің мөлшері - 98 (тоқсан сегіз) теңге 43 тиын.
Дивидендтерді төлеу 2022 жылғы 15 тамыз күні басталады.
Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны – Қоғамның артықшылықты акцияларын ұстаушыларына банк шотына қолма-қол ақшасыз аударым жасау немесе қоғамның кассасында қолма-қол ақша арқылы.
Дивидендтерді төлеу орны – «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, Алматы қ-сы, Мақатаев көш., 127.