Осы хабарла арқылы «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қ.) мүлкіне қатысты әлеуметтік желілерде және кейбір жаңалықтар басылымдарында орналастырылған ақпаратқа байланысты жағдайды айқындағымыз келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі - Зауыт) 2017 жылдан бастап 100% жай акциялар пакетін сату арқылы бәсекелестік ортаға беруге жатқызылатыны белгілі.
Көп жылдық тәжірибесі бар зауыт азаматтық салада белсенді дамып келе жатқан көп салалы кәсіпорын ретінде жұмыс істеп, әскери зауыт болып табылмайды. Зауытта қару-жарақ пен әскери техника өндірілмейді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «Қазақстан инжиниринг») Үкімет қаулысын орындай отырып, әлеуетті инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Зауыт Gosreestr.kz порталы арқылы сауда-саттыққа бірнеше рет қойылды.
Жекешелендірудің негізгі шарттары-мамандандыруды сақтау, барлық штат санын сақтау және оның активтерінің құнын арттыру тұрғысынан зауытты дамыту.
Үкіметтің 25.12.2019 жылғы № 969 қаулысымен бекітілген 2020 - 2029 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» жауынгерлік бронды машиналар шығарумен айналысуды жоспарламайды. 2018 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» «Парамаунт Қазақстан инжиниринг» ЖШС-ның жанама қатысуынан шығып, бронды машиналар шығарумен айналысатын елдің өндірістік кәсіпорындардың қызметіне қатыспайды әрі оларға мүлдем қатысы жоқ.
БАҚ, интернет басылым өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен блогерлердің қоғамдық топтарын жариялау алдында кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша «Қазақстан инжиниринг» компаниясына ke@ke.kz электрондық поштасы арқылы немесе тікелей басқарма төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.