Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ жағдайына қатысты

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-қа (бұдан әрі – «С.М. Киров ат. МЖЗ» АҚ) қатысты жағдай туралы анық емес ақпараттың таралуына байланысты «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) қосымша түсініктемелер бергісі келеді.

Зауытты жекешелендіру процесіне қатысты: кәсіпорынды 100% жай акциялар пакетін өткізу арқылы бәсекелестік ортаға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау үшін жүзеге асырылады.

Жекешелендірудің негізгі шарттары: кәсіпорынның мамандануы мен штат санын сақтау, кәсіпорынды одан әрі дамыту болып табылады.

Компания Үкімет қаулысын орындай отырып, әлеуетті инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс атқарып жатыр. Акцияларды сату Gosreestr.kz мемлекеттік электрондық порталында жүргізіледі.

Акцияларды сату Мемлекеттік мүлік тізілімінің «www.e-qazyna.kz» веб-порталында (бұдан әрі-Веб-портал) жүргізіледі.

Өз кезегінде Компанияның уәкілетті органының 2024 жылғы 01 наурыздағы шешімі негізінде «С.М.Киров ат. МЖЗ» АҚ акциялар пакетін сату тоқтатылды, осыған байланысты Веб-порталда 2024 жылғы 12 наурызда сағат 10:00-ге жарияланған активті сату бойынша электрондық конкурс тоқтатылды.

Көп жылдық тәжірибесі бар зауыт азаматтық салада дамып келе жатқан көп салалы кәсіпорын ретінде жұмыс істейді және әскери зауыт болып табылмайды. Зауытта қару-жарақ пен әскери техника өндірілмейді.

Бұған дейін «С.М. Киров ат. МЖЗ» АҚ экспортқа шығарылатын әскери техниканы жөндеумен айналысқан. Бүгінгінде экспортқа тыйым салынуға байланысты зауыттың тарихи жобалары іске асырылмайды. Қазіргі уақытта кәсіпорын азаматтық өнімді игеруге біртіндеп көшуді жүзеге асырып жатыр. Бұл оның сатылуын және шарттар жасасуын қиындатады.

2023 жылдан бастап кәсіпорын қиындықтарға, оның ішінде жаңа келісімшарттардың болмауына тап болды. Бұл оның төмен коммерциялық белсенділігіне әкеп соғып, зауыттың қаржылық жағдайына теріс әсер етті.

Осы жағдайды түсіне отырып, 2023 жылы Компания кәсіпорынға үш рет қаржылық көмек көрсетті.  Оның арқасында қызметкерлерге тамыз, қыркүйек және қараша айларына жалақы төленді. Бұл әрекеттер еңбек ұжымының әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Өз кезегінде БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен блогерлердің қоғамдық топтарын жарияламас бұрын, кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз. Компания басшылығы анық емес ақпаратты тарататын адамдарға қатысты өзінің іскерлік беделін қорғау бойынша сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Қосымша ақпарат бойынша сұрақтарға қатысты Компанияға ke@ke.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Кері қайту